Қазақстан мен Беларусь арасындағы әуе рейсі зор сұранысқа ие - Н.Назарбаев

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Беларусь арасындағы әуе рейсі зор сұранысқа ие. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен өткізілген баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Осы ретте Елбасы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында Қазақстан азаматтарының Беларусь аумағына және Беларусь азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына келу тәртібі туралы келісімнің маңыздылығын атап өтті. «Өйткені қазіргі уақытта азаматтардың өзара сапарлар ағыны артып отыр. Ашылған әуе рейстері қазақстандық, сонымен қатар беларусь азаматтары тарабынан елеулі сұранысқа ие болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар