16:58, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) қарсаңында Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов халықаралық даму институттары мен ірі компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді,
деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Томас Мироу бастаған делегациямен кездесу барысында ағымдағы экономикалық жағдай, сондай - ақ, Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қазақстандық экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму перспективаларына қатысты Қазақстан Үкіметі қолға алып отырған шаралар жөнінде әңгіме өрбіді.
Т.Мироу «Қазақстан Үкіметі бұл бағытта айырықша жұмыс атқарғанын» атап өтті.
Кездесу соңында К.Мәсімов пен Т.Мироу Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы тығыз қарым - қатынастың сәтті жалғасатынына сенім білдірді.