Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда студенттерді жоғары баға алып беремін алдаған алаяқ сотталды

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 24 маусымдағы Ақтау қалалық сотының үкімімен азамат Д. алаяқтық (Қылмыстық кодексінің 190-бабы) қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сотта анықталғандай, сотталған адам Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.

Осы сылтаумен ол студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденген. Алайда уәде еткен міндеттемелерін орындамай, алынған қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының прокуратурасы азаматтарды оқу процесіне заңсыз араласуға байланысты ақылы «көмек» ұсынатын, атап айтқанда, баға қойып беруге, емтиханнан өткізуді немесе өзге де мәселелерді шешіп беруді уәде ететін адамдарға сенбеуге шақырады.

-Есіңізде болсын: мұндай ұсыныстар заңсыз болып табылады және алаяқтық белгілерін қамтуы мүмкін,-делінген хабарламада.

Осыған дейін 37 адамды қажылыққа апармақ болған алаяқтар 4 жылға сотталғаны туралы жаздық.