Қазақстан мен Эстония Президенттері инвестицияларды ынталандыру туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Эстония Президенті Тоомас Ильвес Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойды,

Қазақстан  мен Эстония Президенттері инвестицияларды   ынталандыру   туралы  келісімге  қол қойды

деп хабарлайды «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясы.

Сондай-ақ Қазақстанның Байланыс және ақпарат министрлігі мен Эстонияның Ұлттық мұрағатының арасында Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Н. Назарбаев, екі елдегі экономикалық өсу қарқынының жандануы өзара сауда-саттық көрсеткішіне жайлы әсер етіп отырғанын атап көрсетті. Қазақстан мен Эстонияның арасындағы тауар айналымы былтыр 37 пайызға өсіп, 74 миллионнан астам долларды құраған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 20-21 сәуірде Эстонияда мемлекеттік сапармен болды.