19:12, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстан мен Эстония Президенттері инвестицияларды ынталандыру туралы келісімге қол қойды
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Эстония Президенті Тоомас Ильвес Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойды,
деп хабарлайды «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясы.
Сондай-ақ Қазақстанның Байланыс және ақпарат министрлігі мен Эстонияның Ұлттық мұрағатының арасында Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Н. Назарбаев, екі елдегі экономикалық өсу қарқынының жандануы өзара сауда-саттық көрсеткішіне жайлы әсер етіп отырғанын атап көрсетті. Қазақстан мен Эстонияның арасындағы тауар айналымы былтыр 37 пайызға өсіп, 74 миллионнан астам долларды құраған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 20-21 сәуірде Эстонияда мемлекеттік сапармен болды.