Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда көлемі 280 млн доллардан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Хорватия арасындағы екіжақты сауда көлемі 280 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда көлемі 280 млн доллардан асты
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретінде Қазақстан өз экономикасын әртараптандыру, инновацияны қолдау және білімге негізделген даму үлгісіне көшу мақсатында кешенді реформалар жүргізіп жатыр. Ашық есік саясаты, мол табиғи ресурстарымыз және қолайлы іскерлік ахуал шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Бұл тәсіл Қазақстан мен Хорватия арасындағы серпінді экономикалық өзара іс-қимылға жол ашты. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 280 миллион АҚШ долларынан асты, ал инвестиция көлемі 9 миллион долларға жуықтады, - деді ол екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және іскер топтарының қатысуымен өткен «Қазақстан-Хорватия» бизнес-форумында.

Мұрат Нұртілеу
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сондай-ақ министр бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге зор мүмкіндік барын атап өтті.

Айта кетейік, форум бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасап, іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында өтіп жатыр.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда көлемі 280 млн доллардан асты
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Осыған дейін Кабулда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Кен өндіру және мұнай министрі Хедаятулла Бадри келісім жасасқаны туралы жаздық.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда көлемі 280 млн доллардан асты
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар