Қазақстан мен Иран Ақтау порты арқылы жүк тасымалы көлемін арттырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау теңіз портының өкілдері Қазақстан мен Иран арасындағы теңіз және порттар ынтымақтастығы комитетінің мәжілісіне қатысты. Бұл туралы порттың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады tumba.kz.
None
None

Қазақстан мен Иран арасындағы теңіз және порттар ынтымақтастығы комитетінің 6-шы мәжілісі қараша айының басында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда өтті.

Аталмыш жиынға байланысты жарияланған мәліметтерге қарағанда, Иран делегациясын осы елдің Халықаралық келісімдер мен порт ұйымдары нарығын дамыту және теңізде жүзу департаментінің бас директоры Хосроу Сараи бастаған. Қазақстан тарапын «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ның президенті Абай Түрікпенбаев басқарды. Шараға сонымен бірге Ақтау портының коммерциялық және әкімшілік мәселелері жөніндегі басқарушысы Мартин Воетман қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иран арасында тауар айналымы көлемін арттыру мәселесі сөз болды. Нақтырақ айтқанда онда екі елдің порттарының арасында қатынайтын тұрақты контейнер қызметін жолға қою мен өзара ақпарат алмасу мәселесін жетілдіру жайы талқыланды. Бұған қоса, Ресей, Қытайдан Иранға тауар жеткізіп, оларды парсы шығанағы елдері мен Үндістанға апару және ол жақтан кері тасымалдау мәселелері де пысықталды»,-деді порттың баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар