Қазақстан мен Иран Президенттері қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады

АСТАНА.KAZINFORM - Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Иран Президенттері Иран көне қолжазбалар көрмесін тамашалады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды.

көрме
Фото: Ақорда

XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты құнды деректерді қамтитын жәдігерлер алғаш рет көрсетіліп отыр.
Бұл құжаттар Қазақстан мен Иранның терең тарихи байланысын дәлелдей түседі.

көрме
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қазақ тарихына қатысты деректермен бөліскені үшін Масуд Пезешкианға алғыс айтты.

– Бұл – өте құнды сыйлық. Біз міндетті түрде қазақ қауымына бұл көрмені көрсетеміз, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен дәріптейміз. Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен. Қазақ халқына пайдалы болады деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

көрме
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады.