Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жетті
«Біз екіжақты байланысты барынша нығайту үшін әртүрлі амал-әдістерді қолдануға тырысамыз. Өз елінде біршама салмақты испандық инвесторды Қазақстанға тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Біздің ведомствоға инвестиция және экспорт бағытындағы міндеттер жүктелгендіктен, сауда-экономикалық қарым-қатынастың қыр-сырын барынша зерттеп, түгендеудеміз», - дейді елші.
Константин Жигалов сонымен бірге өз сөзінде Қазақстан нарығында табысты жұмыс жүргізіп жатқан испаниялық компанияларды да атады.
«Қазіргі уақытта елімізде испандық 66 заңды тұлға - филиал, өкілдік тіркелген. Қарым-қатынас жүйесін түгендей келе, шынында, нарығымызда испандық ірі 42 компанияның барын анықтадық. Оның бірі өздеріңіз білетін - «Talgo». Оның пойыздарымен жүріп жүрген боларсыздар. Жарылғыш зат әзірлейтін MAXAM компаниясының да Қазақстанда 4 кәсіпорны бар. «Airbus» - жолаушыларға арналған ұшақтар мен әскери-көлік техникаларын шығарады. Қазақстан қазіргі таңда «Airbus» компаниясының ең ірі үш серіктесінің бірі. Біз қазірдің өзінде 8 ұшақ сатып алдық. Тағы да 3 ұшақ алғалы отырмыз», - дейді дипломат.
Константин Жигаловтың айтуынша, осы жылдың шілде айында Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге тура 10 жыл толады.