Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында бір тонна сүт заңсыз өткізілмек болған
ТАРАЗ. KAZINFORM - Жамбыл облысындағы «Қордай» Ветеринариялық бақылау бекетінде қажетті ветеринариялық ілеспе құжатсыз Қырғыз Республикасының аумағынан ел аумағына бір тонна сүт өнімін әкелуге тырысқан автокөлік ұсталды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бұзушылықты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Құжаттамалық бақылау процесінде анықтаған.
Жүргізушілерге айыппұл салынып, жүктер жөнелту пунктіне қайтарылды.
2024 жылдың басынан бастап шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде орналасқан Ветеринариялық бақылау бекеттерінде ветеринариялық ілеспе құжаттардың болмауына байланысты анықталған құқық бұзушылықтар туралы 77 акт жасалды. Әкімшілік айыппұлдар 3,2 млн теңгеден асты.
«Қордай» БКП-да 50 әкімшілік материал ресімделді, 2,2 млн теңге айыппұл өндірілді.
Бұған дейін Қаржы министрлігі Қазақстан-Қытай шекарасындағы «кептеліске» қатысты түсініктеме бергенін жазған болатынбыз.