Қазақстан мен Қытай атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Лю Цзинмен кездесу өткізді.
Агенттік мәліметінше, келіссөздер барысында атом саласының әлеуетін дамыту, ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағыттары, инновациялар және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
— Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге дайын екендіктерін растады, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Атом электр станциясының ұлттық операторы ұғымы енгізілетінін жазған едік.
Сонымен қатар, Қазақстан атом энергетикасын дамыту аясында алғашқы станциялар үшін III+ буындағы заманауи реакторлық технологияларды қолдануды жоспарлап отырғаны хабарланды.