Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын бекітті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.
Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізген еді.