Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сауда көлемі 3 млрд доллардан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Инвестиция саласында да оң нәтиже байқалып отыр. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысында мәлімдеді.

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сауда көлемі 3 млрд доллардан асты
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

– Кейінгі жылдарда Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты түрде өсіп келеді. 2025 жылы екіжақты сауда көлемі 3,17 млрд АҚШ доллары болды. Инвестиция саласында жақсы нәтиже байқалады. Корея Республикасы – Қазақстан экономикасына қаржы құятын негізгі инвесторлардың бірі. Соңғы 10 жылда Оңтүстік Корея салған инвестиция 8 млрд АҚШ долларына жуықтайды, - деді ол.

Сонымен қатар министр бүгінде елімізде Оңтүстік Кореяның үлесі бар 700-ден астам компания жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың қатарында Hyundai Motor Company, Kia Corporation, Samsung Electronics, Lotte Corporation, Doosan Enerbility т.б. әлемге танымал корпорациялар бар. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық аудиторлар Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесін меңгергенін жазғанбыз.