11:16, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
«Қазақстан мен Қырғызстан: мәңгілік достық» - «Слово Кыргызстана» газеті
БІШКЕК. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдары аясында ҚазАқпарат оқырмандар назарына «Слово Кыргызстана» газетінде жарияланған мақаланы ұсынады.
Бұл мақалада «Қазақстан мен Қырғызстан: мәңгілік достық» деген тақырыпта конкурс жариялаған Қазақстан Елшілігінің бастамашылығы туралы айтылады. Басылымның ақпанның 18-індегі нөмірінде мақала авторы, бұл конкурстың Қазақстан Елшілігінің бастамашылығы бойынша Мұхтар Әуезовтың мұражай-үйі және Халықаралық қорымен бірлесіп, сондай-ақ «Адабий Ала-Тоо» газетінің ақпараттық қолдауымен өткізіліп жатқанын айтады. Конкурсты өткізу идеясы туралы газет, оның екі халықтың арасындағы тарихи әдеби-мәдени байланыстарды нығайту және жалғастыру мақсатында, сондай-ақ, Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы гуманитарлық-мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткізіліп жатқанын жазады. Мақалада атап көрсетілгендей, конкурсқа қырғыз басылымдарында жарық көрген, немесе жеке басылым болып шыққан көркем туындылардың, ғылыми зерттеулер мен публицистиканың авторлары қатыса алады. Конкурсқа ұсынылған материалдарда қырғыз бен қазақ тарихының, мәдениеті мен әдебиетінің өзара байланысы, сондай-ақ орталықазиялық мемлекеттер одағын құру туралы Қазақстан Президентінің бастамасын кеңінен таныстыру аясындағы екі елдің экономикалық қарым-қатынастары көрініс табуы керек. Конкурс қорытындысы, Қазақстан мен Қырғызстан арасында мәңгілік достық туралы шарт қол қойылған күнге орай сәуірдің 8-інде шығарылады.