Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінің орны ауысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «2003 жылғы 25 желтоқсанындағы Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінің орны ауысады

Хаттамаға сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан өткізу пункттеріне көшіруге қатысты мәселелер шешімін табады.

«Қолданыстағы келісімдегі өткізу пункттері нақты шекарадан жиырма үш шақырым жерде орналасқан. Онда «Мерке теміржолдық» өткізу пункті орнатылған. Осыған байланысты оны «Шалдабар теміржолдық» өткізу пунктіне ауыстыру көзделеді. Мемлекеттік шекараға өткізу пункттерінің тікелей жақын орналасуы шекарылық бақылауды жүзеге асырудағы мемлекеттік шекарадан өту сызбасын оңайлатып, қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді», - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Түйіндей айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттері Мерке станциясынан Шалдабар станциясына көшірілетін болады. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.