Қазақстан мен Қытай аграрлық ынтымақтастықтың үлгілік аймағын құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай аграрлық ынтымақтастықтың үлгілік аймағын құрады. Бұл туралы бүгін  Қазақ-Қытай аграрлық-инвестициялық форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында «Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталығы» базасында аграрлық ынтымақтастықтың үлгілік аймағын құру туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Ол ауыл шаруашылығындағы бірлескен қайта өңдеу өндірістерін құруға және инновация енгізуге септігін тигізетін болады», - деді Асқар Мырзахметов.

Айта кетерлігі, осы форумның аясында жалпы құны 160 млн. долларды құрайтын 7 құжатқа қол қойылды. Аталған құжаттардың ішінде 3 сауда келісімі бар. Оған сәйкес біздің «Азық-түлік келісімшарт» корпорациямыз 200 мың тонна астық пен 100 мың тонна майлы дақылдарды Қытайға жеткізетін болады. Сонымен қатар елдеріміз арасындағы шекаралық аймақта астық пен майлы дақылдарды сақтауға арналған терминал құрылысы да басталады.

Соңғы жаңалықтар