Қазақстан мен Қытай бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамаларын қолдап келеді - Мұхтар Тілеуберді

НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен кездесуден кейінгі брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келгенін қуанышпен қабылдаймыз. Жаңа ғана әріптесім министр Ван Имен өзара тиімді әрі пайдалы келіссөздер өткіздім. Кездесудің қорытындылары елдеріміздің екіжақты қатынастарына жаңа серпін беріп, достық байланыстарды одан әрі нығайтатын жаңа мүмкіндіктерге негіз болып отыр. Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасының мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптесі, сондай-ақ достас мемлекет. Оның үстіне бұл сапар екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуы аясында өтуде. Бүгінгі маңызды кездесу Қытай сыртқы саяси ведомствосы басшысының 2020 жылғы қыркүйектен бері елімізге жасаған алғашқы сапары», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Оның атап өтуінше, Ван И мырзамен Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың бүгінгі ахуалы мен одан әрі дамуының перспективаларын талқыланды.

«Қазақстан мен Қытай бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келеді. Бұл екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Мемлекет басшыларымыз арасында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатылған және саяси диалог жоғары деңгейде өтеді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар