Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Қытайдың шекарасында күші екі балдық жер сілкінісі тіркелді

ӨСКЕМЕН.  Қарашаның  3-і.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Дүйсенбі күні  сағат 11.44-те Қазақстан  мен  Қытайдың шекарасында      күші 2 балдық    жерасты     дүмпуі  тіркелді,  деп   хабарлады    Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  Төтенше жағдайлар  департаментінен.

Қазақстан мен  Қытайдың шекарасында   күші  екі балдық    жер  сілкінісі  тіркелді

ҚР Ұлттық  ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институтының  мәліметтері  бойынша,    жер сілкінісі   Алматы  облысының аумағында:   45,53 градус солтүстік  ендікте, 82,39 градус   шығыс бойлықта     тіркелді.

Сол күні сағат  14.35-те   күші  2 балдық   тағы бір жер сілкінісі    тіркелді.   Жерасты  дүмпуі   Қазақстанның аумағында:  47,37 градус солтүстік ендікте, 82,44   градус шығыс бойлықта  орын   алды.