Қазақстан мен Мажарстан ынтымақтастығын нығайтуға дайын: жаңа жобалар мен инвестициялар

АСТАНА. KAZINFORM — Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок экономикалық ынтымақтастық пен келісімдерді жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Мажарстан ынтымақтастығын тереңдетуге дайын: жаңа жобалар мен инвестициялар
Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын талқылады. 

— Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы салалардағы өзара іс-қимыл, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу және басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды, — делінген хабарламада. 

Қазақстан мен Мажарстан ынтымақтастығын тереңдетуге дайын: жаңа жобалар мен инвестициялар
Фото: Үкімет

Кездесуге қатысушылар өзара сауданы одан әрі арттырудың зор мүмкіндігін атап өтті. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызды құралына айналады.

Серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі — көлік-логистика саласы. Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспортын кеңейту мақсатында Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды. 

Сонымен қатар ЖИ технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық басымдығы атап өтілді. 

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың сапалы орындалуын ерекше бақылауға алатынын баса айтты.

Өз кезегінде, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалап, қазақ-мажар ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок елімізге ресми сапармен келді. Ол Ақордада өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қазақстан мен Мажарстан халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істеуге келіскенін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар