Қазақстан мен Мажарстан ортақ бастамаларды жүзеге асыруды көздейтін Бірлескен мәлімдеме қабылдады

БУДАПЕШТ. KAZINFORM — Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуды және ортақ бастамаларды жүзеге асыруды көздейтін Бірлескен мәлімдеме қабылданды

қазақ-мажар
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстанның ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы консулдық мәселелері бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен Мажарстанның «National Capital Holding» ұлттық компаниясы арасындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Kazakh Invest» және «UBM Group» компаниялары арасындағы Қазақстанда құрама жем және премикс өндірісі жобасын іске асыру жөніндегі үшжақты негіздемелік келісім;

4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (Қазақстан), L.A.С Holding (Мажарстан) және Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co (Қытай) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Мажарстанның «MOL GROUP» компаниясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Мажарстанның Ұлттық банкі арасындағы банк саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Соңғы жаңалықтар