Қазақстан мен Молдованың сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM – Молдова тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшой арасында телефон арқылы сөйлесті. 

Қазақстан мен Молдованың сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Фото: ҚР СІМ

Попшой әріптесін тағайындалуымен жылы құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі. Қазақстан СІМ басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Астана мен Кишинёв арасындағы достық қатынастарды жан-жақты тереңдетуге қазақ тарапының бейілді екенін атап өтті. 

Сұхбат барысында екіжақты және көпжақты форматтардағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен дамыту перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды. 

Тараптар екіжақты серіктестікті одан ары нығайту мақсатында сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара дайындығын растады. 

Еске сала кетейік, Ермек Көшербаевтың Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісін қабылдағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар