Қазақстан Моңғолиямен зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы
Коллаж: Canva

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұл Заңды да Мәжіліс өткен жылдың желтоқсанында қабылдады.

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды.

Заңның мақсаты - 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батыр қаласында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау. Аталған келісімді ратификациялау екі ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілін тану және есепке жатқызу бөлігінде басқа елдің аумағына көшу кезінде Қазақстан Республикасы мен Моңғолия азаматтары үшін қосымша мүмкіндік береді.

Атап айтқанда:

ортақ және базалық зейнетақыларды есептеу кезінде еңбек өтілін есепке алу мақсатында;

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі аясында қалыптастырылатын жинақтаушы зейнетақыларды экспорттау кезінде.

Атаулы Келісім келесі зейнетақыларға:

- Қазақстан Республикасында — еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне;

- Моңғолияда — әскери қызметі үшін зейнетақыларға қолданылмайды.

Осы мемлекеттердің азаматтарына зейнетақы тағайындау және төлеу тұратын мемлекетінің заңнамасы бойынша жүзеге асырылады.

Айта кетейік, өткен жылы жұмыс берушілер жұмыскерлердің пайдасына 760 млрд теңге зейнетақы жарнасын аударды.

Қазақстанда 12 қаңтардан бастап біржолғы зейнетақы төлемі есебінен медициналық қызмет алу үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды. Олардың қашан қайта қабылдануы мүмкін екенін «Отбасы банк» түсіндірді.

 

Соңғы жаңалықтар