Қазақстан мен Оңтүстiк Корея ШҚО-да бiрлескен барлау жобаларын iске асыратын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Astana Mining & Metallurgy 2015» VI Халықаралық Тау-кен және Металлургия Конгресі аясында "Қазгеология" АҚ мен оңтүстiккореялық "KOREA RESOURCES CORPORATION" ұлттық корпорациясы полиметалл кендерiнiң қоры бар жаңа кен орындарын айқындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының аумағында бiрлескен жаңа геологиялық барлау жобаларын iске асыру ниетi туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан мен Оңтүстiк Корея ШҚО-да бiрлескен барлау жобаларын iске асыратын болады

"Биылғы жылдан бастап Қарағанды облысында "Дүйсембай" полиметалл кендерi телiмдерiн барлау" жобасы бойынша бiздiң жемiстi ынтымақтастығымыз аясында геологиялық барлау жұмыстарын бастайтындығымызды атап өту керек", - дедi "Қазгеология" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов.

1992 жылы құрылған "KOREA RESOURCES CORPORATION" ұлттық корпорациясының 99,8 пайыз акциясына Корея Үкiметi иелiк етедi.

Корпорацияның негiзгi қызметi - Қазақстанда және оның шегiнен тыс пайдалы қазба кен орындарын қазуға, кен игеру өнеркәсiбiн дамыту және қолдау бойынша жобаларды тиiмдi басқаруды жүргiзуге, сондай-ақ минералдық ресурстардың тұрақты жеткiзiлуiн қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Бұл компания әлем бойынша 36 жобаға қатысады.