Қазақстан мен Pfizer медициналық ынтымақтастықты күшейтпек
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ,ірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың «Пфайзер Қазақстан» ЖШС Бас директоры, Pfizer компаниясының Қазақстан, Орталық Азия елдері, Кавказ және Моңғолия (CauCAR) бойынша субкластерінің басшысы Дмитрий Козенковпен кездесті.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.
Тараптар Pfizer компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Министрдің бірінші орынбасары Pfizer компаниясы Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы негізгі халықаралық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты медициналық саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін болжамды әрі қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
-Тараптар ынтымақтастықты дамыту және заманауи медициналық шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша конструктивті өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екендерін растады,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Pfizer және Roshe компаниялары Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіретіні туралы жаздық.