Қазақстан мен Португалия сауда-экономикалық салада ынтымақтастықты кеңейтпек

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Португалия Республикасының жаңадан тағайындалған елшісі Жозе Атаиде Амаралдан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Португалия сауда-экономикалық салада ынтымақтастықты кеңейтпек
Фото: ҚР СІМ

Кездесу барысында А.Исетов португалиялық дипломатты жылы қабылдап, оның тағайындалуы Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынына сенім білдірді.

— Дипломаттар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі ахуалы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығына назар аударды. Бұл елдер арасындағы өзара тиімді байланыстарды едәуір жандандыруға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-португал ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытындағы жұмысты жандандыруға өзара дайындықтарын растады.

Бұдан бұрын Португалия азаматтығын алу үшін мыңдаған израильдік кезекке тұрғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар