Қазақстан мен Ресейде құрастырылған Lada автокөліктерінің сатылымы елімізде көш бастап тұр - А. Сидоров

АТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 2010 жылы елімізде сатылым көлемі бойынша Lada, Toyota және Uz-DAEWOO брендтері алғашқы үштік орынды иеленді Бұл жайында бүгін қазақстандық автокөлік қауымдастығының президенті Арсений Сидоров Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
None
None

А. Сидоров Қазақстан мен Ресейде құрастырылған Lada автокөліктері бұрынғыдай көш бастап тұрғандығын айтады. «2010 жылы 5 125 көлік сатқан Lada-ның 2009 жылмен салыстырғандағы өсімі 28 пайызды құрады. Ал екінші орында Toyota автокөлік бренді тұр, оның сатылымы 2 568 бірлікке жеткен, алайда бұл көрсеткіш 2009 жылға қарағанда 5 пайызға төмен. Келесі орында 2 287 автокөлік сатқан Uz-DAEWOO бренді тұр, бұл көрсеткіш алдағы жылмен салыстырғанда 39 пайызға жоғары», -дейді А. Сидоров.

Тізім бойынша одан кейінгі орындарда сатылымы 1 430 бірлікті құраған UAZ, бірлігі 1 212-ге жеткен Mitsubishi брендтері тұр. Екінші бестіктің басында 728 автокөлік сатқан Volkswagen бренді тұр. Сондай-ақ 94 пайыздық өсімді көрсеткен Оңтүстік Кореялық KIA бренді 724 автокөлік сатқан. Оның ізімен 2009 жылға қарағанда сатылымы 5,6 пайызға төмендеген танымал Оңтүстік Кореялық Hyundai бренді келеді, 2010 жылғы оның сатылған машиналары 615 бірлікке жеткен. Сонымен қатар сатылған автокөліктер саны 633-ке жеткен Nissan бренді тоғызыншы орында тұрса, 576 бірлік сатқан, Қазақстанда құрастырылған Chevrolet бренді ондықты қорытындылауда.

Сондай-ақ 2010 жылы Оңтүстік Кореялық SscanYong және француздық Renault автокөліктері жақсы көрсеткіштер көрсеткен. SscanYong аталған жылы 137 автокөлік өткізіп, 2009 жылмен салыстырғанда сатылымын 39,4 пайызға арттырған. Ал Renault 261 бірлік өткізіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 87,3 пайыздық жоғары көрсеткіш көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар