Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы ведомстволары ұялы байланыс операторларының жұмысын бірлесіп тексереді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Қазақстанның Монополияға қарсы агенттігі отандық және ресейлік ұялы байланыс операторлары жол берген ұлттық заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, делінген ведомство таратқан баспасөз баянында.
None
None

Ағымдағы жылдың наурыз айында монополияға қарсы агенттіктің кеңес өткізіп, онда ұялы байланыс операторларына 2010 жылдың сәуір айының 1-інен бастап бағаны төмендету және халықаралық роуминг қызметін көрсетуге секундтық тарифке ауысу туралы ұсыныс жасалғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған еді. Бірақ операторлар ұсынысты қабылдамай, өзге елдердегі роуминг-серіктестерімен арада қажетті келісімнің жоқтығын алға тартты.

РФ Федералдық монополияға қарсы қызметінің осындай сауалына «үлкен үштіктің» ресейлік операторлары да дәл осындай «уәж» айтып отыр. Сондықтан да, сейсенбі, маусымның 1-і күні Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы агенттіктері , «Қазақтелеком» АҚ «GSM Қазахстан» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Қазақстан Республикасы), «МТС» ААҚ, «ВымпелКом» ААҚ, «МегаФон» ААҚ ( Ресей Федерация) компанияларының бәсекелестікке қарсы келісім орнату және өзара келісіп әрекет ету белгілері бойынша бірлесіп тексеру жүргізуді бастағандарын мәлім етті.

Оған қоса, қазақстандық монополияға қарсы агенттік қазіргі таңда халықаралық роуминг қызметтерін қосу ақысының бастапқы сомасын белгілеуде өзінің нарықтағы басымдықты жағдайын асыра пайдаланып отырған «Қазақтелеком» АҚ «GSM Қазахстан» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС компанияларының үстінен тексеру жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар