Қазақстан мен Сауд Арабиясы пайдалы қазбалар саласындағы әріптестікті күшейтеді

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстан мен Сауд Арабиясы пайдалы қазбалар саласындағы әріптестікті күшейтеді
Фото: СІМ

— Кездесу барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды, — делінген хабарламада.

Тараптар екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы әлем чемпионатына билеттерді тегін таратып жатыр.