Қазақстан мен шетел сарапшылары ұлт бірлігінің саясатын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты мен ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Этносаралық келісім саясаты: бірлік алуантүрлілікте» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Берік Әбдіғалиұлы мен Юлия Кучинская, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік сарапшылар: Серік Сейдуманов (Қазақстан), Маркус Корнпробст (ЕҚЫҰ), Алексей Пилько және басқалар конференция тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Конференция жұмысына ҚР ПӘ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы басшылығының өкілі Ерлан Әбдікасов пен ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты.

Спикерлер мен қатысушылар азаматтық қоғамды, азаматтық мәдениет пен қазақстандықтардың әр түрлі ұрпағының патриотизмін дамыту мәселелерін көтерді, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы практикалық бағыттар тақырыптарын қозғады.


Соңғы жаңалықтар