Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық туралы шарт ратификацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық туралы шарт ратификацияланғанын мәлімдеді.

Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігіне енді
Фото: "Ховар" ақпарат агенттігі

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген ресми ақпаратта.

Заңның мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан әскери және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтетіні де хабарланды.