Қазақстан мен Түркия президенттері Астанада түркі тілдес мемлекет басшылары Саммитін өткізудің маңыздылығын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан мен Түркия президенттері Астанада түркі тілдес мемлекет басшылары Саммитін өткізудің  маңыздылығын атап өтті

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты.

Тараптар сондай-ақ Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесуге түрік тарапы бастамашы болды.