Қазақстан мен Түркия Сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті.

Главы МИД Казахстана и Турции обсудили ситуацию на Ближнем Востоке
Фото: ҚР СІМ

Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және оны деэскалациялау мүмкіндіктерін талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзербайжан аумақтарына жасалған әскери шабуылдарға байланысты елеулі алаңдаушылық білдірді.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға өзара бейілділігін растады.

Сұхбат қорытындысы бойынша екі мемлекеттің сыртқы істер және көлік министрліктері деңгейінде кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Айта кетейік, Израильдің Қорғаныс армиясы Иран астанасы Тегеранда «ирандық режимнің инфрақұрылымына» қарсы ауқымды соққылар басталғанын мәлімдеді.