Қазақстан мен Түрікменстан көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов Түрікменстанның мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Аманмухаммет Сазаковпен кездесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Түрікменстан көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Фото: ҚР ІІМ

Іс-шара Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.

Кездесу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Сонымен қатар екі елдің ведомство басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін Ақордада қарсы алды.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Екі ел Президенті келіссөз жүргізіп, Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Қазақстан мен Түрікменстан көкөніс пен жеміске арналған «жасыл дәлізді» кеңейтеді.

Соңғы жаңалықтар