Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM – Украина тарапының бастамасымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Фото: ҚР СІМ

Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара қызығушылық тудыратын түрлі салада оны одан әрі нығайтуға ортақ мүдделілік білдірді.

Өз кезегінде Мұрат Нұртілеу өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін халықаралық құқық қағидаттарына негізделген берік бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы дипломатиялық күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар