Қазақстан мен Үндістан ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Казахстан и Индия подписали меморандум о сотрудничестве
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында ауқымды бизнес-форум өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Атамекен» ҰКК өкілдерінің хабарлауынша, жиын барысында Қазақстан мен ШЫҰ-на мүше мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Форум ШЫҰ елдерінің арасында экономикалық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтті. Іс-шара барысында B2B кездесуі өтіп, болашағы зор алдағы уақытта салынуы мүмкін инвестициялардың жайы талқыланды. Сонымен қатар тараптар арасында өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қойылды. Оның біріншісі ШЫҰ Іскерлік кеңесінің Ұлттық бөлімшесінің төрағасы болып табылатын Үндістан өкілі Трибхуван Дарбари мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов арасында жасалды.

«Екіншісі Меморандумға Қазақстан мен Қытайдың ірі логистикалық компаниялары – Қазақстанның көлік қызметкерлері одағы Kazlogistics пен Global Logistics Alliance арасында қол қойылды»,-делінген хабарламада.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басшысы Мұрат Қарымсақов бүгінгі таңда елімізде ШЫҰ елдерінің капиталының қатысуымен 29 мыңнан астам компаниялар мен 5 мыңнан аса бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейтінін айтты.

2023 жылы ШЫҰ елдерінен тартылған инвестиция көлемі 4,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар