Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Жапония көміртегі жобалары бойынша ынтымақтастықты күшейтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Marubeni Corporation жапон компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Жапония көміртегі жобалары бойынша ынтымақтастықты күшейтеді
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Кездесу барысында Париж келісімінің 6-бабы аясында бірқатар жобаны іске асыру перспективалары, сондай-ақ Бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында 2026 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы «Экология мәселелері және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны атап өтілді.

Аталған Заң Париж келісімінің 6.2 және 6.4-баптарында көзделген халықаралық көміртегі тетіктері аясында парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және сіңіру жөніндегі жобаларды іске асырудың құқықтық негізін қалыптастырады.

Осыған байланысты министрлік жапон тарапымен ынтымақтастықты одан әрі нығайту және Бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) шеңберіндегі жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Омыған дейін Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін екені туралы жаздық.