Қазақстан мен Жапония су тасқынына қарсы күресті күшейту үшін грант бөлуге келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Су ресурстары және ирригация министрлігі Жапония үкіметімен бөгеттерді кешенді басқару арқылы Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларды жақсарту жобасын жүзеге асыру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлуге келісті. 

Қазақстан мен Жапония су тасқынына қарсы күресті күшейту үшін грант бөлуге келісті
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жоба еліміздің су тасқынына төзімділігін арттыруға және бөгет қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жобаның аяқталу мерзімі – 2027 жыл. Еске сала кетейік, былтыр жазда Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшылары тасқын кезінде ең көп зардап шеккен Қазақстанның 4 өңіріндегі 13 су шаруашылығы нысанына зерттеу жүргізген болатын. Сондай-ақ JICA қолдауымен «Қазсушар» кәсіпорнының бірнеше маманы Жапонияда біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

– Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық едәуір нығайды. Біз ынтымақтастығымызды жалғастыруға ниеттіміз. Жапонияның су тасқынына қарсы күресте тәжірибесі мол және су ресурстарын басқару саласында бірегей технологиялары бар. Бұл еліміз үшін өте пайдалы болуы мүмкін, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Айта кетейік, Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар