Қазақстан мұнай өндірісін шектеуге дайын емес - Энергетика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қара алтын өндірісін шектеу мәселесін қарастыруға әзірге дайын емес.

Қазақстан мұнай өндірісін шектеуге дайын емес - Энергетика министрлігі

Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат REGNUM-ға сілтеме жасап.

«Әзірге бұған келісуге дайын емеспіз, - деді Мырзағалиев. - Біз үшін отырысқа қатысу, пікір алмасу, ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің бұған қатысты көзғарасын білу маңызды болды».

29 қазанда Әзербайжан Энергетика министрлігінің басшысы Натик Алиев БАҚ қызметкерлеріне мұнай өндірісін шектеу бойынша ОПЕК-тің  арнайы комитетінің  келесі отырысы ағымдағы жылдың 25-26 қарашасында өтетінін хабарлаған болатын.

28-29  қазан күндері Венада мұнай өндірісін тәулігіне 32,5-33 млн баррельге деңгейін шектеу туралы келісімді жүзеге асыру бойынша ОПЕК  арнайы комитетінің бірінші отырысы өтті.