Қазақстан мұнайының Германияға жеткізілімі 25 пайызға артты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазан айында «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға қанша көлемде мұнай жөнелтілгені белгілі болды. 

Қазақстан мұнайының Германияға жеткізілімі 25 пайызға артты
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

— Биыл қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға әрі қарай жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне 225 мың тонна қазақстандық мұнай тапсырды, — делінген «ҚазТрансОйл» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қыркүйекте Германияға «Адамова застава» бағыты бойынша 180 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілген.

— Қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес, жүк жөнелтушілердің нақты мұнай тапсыруы жағдайында қазақстандық мұнайды экспортқа жөнелтуді жалғастыруды жоспарлап отыр, — дейді компаниядан.

Еске сала кетсек, өткен жылы ҚазТрансОйлдың мұнайды экспортқа тасымалдауға қатысты тарифі өсетіні белгілі болды

Соңғы жаңалықтар