Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жарғысына толықтырулар енгізілді

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақылдастар алқасының Ғұламалар кеңесінің және облыстардағы өкіл имамдарының қатысуымен төралқа жиналысы өтті.
None
None

ҚМДБ мәліметінше, алқалы жиынға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, Бас мүфтидің бірінші орынбасары, наиб мүфти Қайрат Жолдыбайұлы, наиб мүфти Мұхаммед Хұсейін Алсабеков, ҚМДБ аппарат басшысы Балғабек Мырзаев, діни басқарманың бөлім басшылары, ғұламалар кеңесінің мүшелері, аймақтан арнайы келген өкіл имамдар қатысты. Келелі кездесуде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің Жарғысы жан-жақты талқыланды. Жарғыдағы жалпы ережелер сөз болып, уақыт талабына сай өзгертуді қажет ететін тұстарына толықтырулар енгізілді. ҚМДБ ақылдастар алқасының мүшелері - филология ғылымдарының докторы Өмірзақ Айтбайұлы, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, белгілі ғалым, шығыстанушы Ислам Жеменей, т.б. ғалымдар төралқада тың ойлар мен ұсыныстар айтты. Басқосуға қатысқандар Жарғының жаңа жобасын бірауыздан мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар