Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан NASA-мен бірлескен ғарыш жобаларын жүзеге асыруға ниетті

АСТАНА. KAZINFORM — Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық-американдық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.

Қазақстан NASA-мен бірлескен ғарыш жобаларын жүзеге асыруға ниетті
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) басшысы Джаред Айзекпанмен жұмыс кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық-американдық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.

Қазақстан NASA-мен бірлескен ғарыш жобаларын жүзеге асыруға ниетті
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

 

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар екі елдің ғылыми ұйымдары мен университеттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін, оның ішінде жоғары білікті мамандарды даярлау бағдарламаларын және ғарыш саласындағы коммерциялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды.

Жаслан Мәдиев NASA-мен серіктестіктің ұлттық ғылыми-технологиялық әлеует үшін стратегиялық маңызын атап өтті.

Қазақстан NASA-мен бірлескен ғарыш жобаларын жүзеге асыруға ниетті
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

— Қазақстан NASA-мен нақты нәтижелерге бағытталған ұзақ мерзімді практикалық өзара іс-қимыл орнатуға, яғни бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және жаңа буын мамандарын даярлауға мүдделі, — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы диалогқа дайын екендіктерін растап, бейіндік командаларға ынтымақтастықтың практикалық әріптестік жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетелік «Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдік туристік орталыққа айналатыны туралы жазған едік