Қазақстан НАТО-мен ынтымақтастықты қолданыста бар бағдарламалар аясында арттыра түседі? Қорғаныс министрі

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан НАТО-мен ынтымақтастықты қолданыста бар бағдарламалар аясында арттыра түседі. Бүгін Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиын барысында Қорғаныс министрі Қазақстанның НАТО тарапымен байланысы белсенді түрде артып отырғанын айта келе, өткен жылы Қазақстан-НАТО сессиясы өткендігін, онда ынтымақтастық қорытындылары жайында сөз болғандығын атап өтті. «Біз НАТО-мен ынтымақтастықты қолданыста бар бағдарламалар аясында арттыра түсетін боламыз. Қазақстан мен НАТО арасында 90-ға жуық түрлі шаралар өткізілді. Алдағы уақытта аталған ұйыммен ынтымақтастық күшейе түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ, көпвекторлы түрдегі АҚШ-пен қарым-қатынасқа да баса назар аударатын боламыз. Бұнда жоғары әскери оқу орындарында тәжірибе алмасумен қатар, бірлескен оқу-жаттығулар жиынына да маңыз беріліп қарастырылатын болады», деді Д. Ахметов. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Қазақстанның НАТО блогына қатысушы Түркия Республикасымен де қарым-қатынас шарасы толық жүзеге асып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан офицерлері Түркияның әскери біліміндегі барлық сатылар бойынша дәріс алуда. Бұл бағыттағы ынтымақтастық одан әрі жалғаса түседі. «Қазақстан өзінің көпвекторлы бағытын дамыта отырып, халықаралық ынтымақтастық аясындағы шараларын жалғастыра түседі. Бұндай бағыттардың өзі Қазақстан мен Орталық Азия өңіріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты ұстауға септігін тигізеді», деді Д. Ахметов.
Соңғы жаңалықтар