Қазақстан өңірлеріне 150 мың тоннадан астам арзандатылған астық жөнелтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ нан мен ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік ресурстардан ел өңірлеріне арзандатылған бағамен 156 мың тонна астық жіберді. Бұл астықтың әр тоннасы 28 300 теңгеге бағаланған.
None
None

«Осы бағытта бекітілген меморандумдардың аясында корпорация 518 000 тонна астықты сақтап қойды.

Оның 182 000 тоннасы бекітілген 28 300 теңге сомасында (1 тоннаға) мемлекеттік өткізу ресурстарында жинақталды. Ал қалған 336 000 тоннасы коммерциялық ресурстардың есебінен қамтылды. Коммерциялық астықтың әрбір тоннасы 42 000 мың теңге көлемінде белгіленді. Астықты жөнелту мерзімі 2014 жылдың 17 ақпаны мен тамыз аралығында іске асырылады», - делінген корпорацияның мәліметінде.

Осы бағдарламаға қатысатын ұйымдарды жергілікті органдар анықтайды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының коммерциялық астығының құнын биылғы 16 мамырда мемлекеттік комиссия 42 мың теңге көлемінде белгіледі (нарықтық баға 45000-47000 теңге).

Соңғы жаңалықтар