Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 7-11 маусымда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 84-отырысы өтті.

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды.

Келесі отырыс Өзбекстан Республикасында жоспарланған.