17:42, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан өзінің валютасын көршілеріне байланысты күштеп девальвациялады ? Украина БАҚ
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Қазақстанда жүргізілген теңгенің девальвациясы әлемде үлкен қызығушылық туғызып отыр. ҚазАқпарат украиналық басылымда жарияланған осы тақырыптағы мақаланы ұсынады.

Қазақ теңгесінің бүгінгі күнгі девальвациясы 18 пайыз деп күтілген еді ? сарапшыТеңгенің бүгінгі күнгі девальвациясы Қазақстан Республикасынің сауда әріптестері елдері валюталарының құнсыздануына қайтарған жауабы болды: «Теңге жыл бойы жоспарлы түрде арзандады, ал желтоқсанда гривна қатты құнсызданған кезінде осындай шараға Беларус пен Ресей Федерациясы барды, ал Астана зиянды жағдайда қалды. Теңгенің әлсіреуінің ерекшелік қасиеті жоспарлылық болып табылады. Мемлекеттің экономикаға жоғары деңгейде бақылау жасауының есебінен билік оны бір сәтте және бақыланатындай етіп жүргізді», ? деп түсіндірді ұлттық валютаның девальвациясы туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің бүгінгі жасаған мәлімдемесін экономикалық мәселелер бойынша Халықаралық перспективалық зерттеулер орталығының сарапшысы Александр Жолудь, деп жазды «Хрещатик» Киевтің муниципальдық газеті.Отандық тауар өндірушілерінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін айырбасталым бағамына тиісті түзету енгізу қажет, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстанға келетін валюталар тасқынын әлсіретті, сонымен қатар халық тарапынан валютаға деген сұраныс та өсе түсті. Теңгенің девальвациясы күтілген және болжамды болды, сондықтан кездейсоқ ешнәрсе де орын алған жоқ», ? деп бағалады украиналық сарапшы Қазақстан Ұлттық Банкінің іс-қимылын.
«Олар бір сәттік девальвация стратегиясын таңдап алды, оның резервтерді барынша жұтаңдата түсетін ресейліктерге қарағанда өзіндік басымдықтары да бар», ? деп санайды Александр Жолудь. Сарапшы қазақстандық банктердің сыртқы заемдарды украиндықтардан қалыс қалмай белсенді түрде тарта білгенін атап өтті. Сондықтан, билік банк жүйесіндегі сыртқы активтерді қысқарту бойынша шараларды қабылдауға мәжбүр болды.ТӘБ-Украина банкі қазынашылығының бастығы Павел Козак девальвацияның күтілгенін қуаттады: «Теңгенің бүгінгі күнгі девальвациясы күтілген жағдай болды. ТМД елдерінің барлық валюталары осы кезеңнен өтті, Қазақстанның Ұлттық Банкі де бұл үдерісті тежеген жоқ. Оның бір сәттілігі, жоспарлылығы ? белорустық нұсқаға ұқсас. Бұл Ұлттық Банкке теңгені одан әрі қолдау үшін резервтерін жұмсамауға мүмкіндік береді. Девальвация деңгейі көптеген, ең алдымен ішкі факторларға тәуелді болады, ? деп санайды қазақ банкінің Украинадағы маманы. ? Қазақстан Ұлттық Банкінің елдегі аса ірі «ТұранӘлемБанкін» мемлекет қарауына алуы оның банк жүйелерінің тұрақтандыруды сақтауға деген ниеті мен мүмкіндігін қуаттайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің бұрынғы үйреншікті дәлізбен теңгені қолдаудан бас тартатынын және ұлттық валюта айырбастау бағамының қажетті жаңа деңгейі объективті деп санайтынын естеріңізге саламыз. Теңгенің айырбасталым бағамының дәлізі бір доллар үшін плюс-минус 3 пайызға немесе 5 теңгеге ауытқи отырып, 150 теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Бұған дейін доллар 120 теңгенің маңайында болған еді.