Қазақстан перспективалы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастырады ? Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Перспективалы инвестициялық жобаларды қаржыландыру жалғаса түседі.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз қолданыстағы перспективасы бар инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастырамыз. Ең алдымен бұл бағытта мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту шарасын жүзеге асыру қажет. Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты бар. Бірақ, соған қарамастан майды шетелден сатып аламыз, Қазақстанды авиакеросинмен де қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бұл нағыз масқара жағдай. Бұл іспен дәл бүгін айналысуды қолға алып, мұндай тәуелділіктен біртіндеп арылу қажет», деді Н. Назарбаев. Сонымен бірге, Елбасы ішкі сұранысты біртіндеп өзіміздің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді жүргізу қажеттігін айта келе, Атырау қаласындағы мұнайхимия кешенінің құрылысы жалғасатынын, биылғы жылы Мойнақ ГЭС-інің құрылысы аяқталатынын, Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2-нің қайта жаңалау жұмысы жалғасатынын және ағымдағы жылы Балқаш ЖЭС-і құрылысы басталанытын атап өтті. «Біздің жоспарымызда биыл құрылысы басталатын Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбырын салу бар. Батыс Еуропа-Батыс Қытай автокөлік транзиттік дәлізіне дайындық жұмысы басталады және биылдың өзінде бұнда 5 мыңға жуық азамат жұмыс істейтін болады. 2010-2012 жылдары жұмысшылар саны 50 мыңға дейін жетеді. Бұл Қазақстанның Еуропадан Азияға дейінгі транзиттік дәлізінің ең күшті күретамыры болады», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар