Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мәскеудегі «газ саммитіне» қатысты

МӘСКЕУ. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сенбі күні Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Ресей Президенті Дмитрий Медведев шақырған Еуропа тұтынушыларына ресей газын жеткізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекет және үкімет басшыларының халықаралық конференциясы жұмысына қатысу үшін бір күндік сапармен Мәскеуге келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ел Премьер-Министрінің қасына Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті Қайыргелді Қабылдин еріп келді.Кремльде қазақстандық Премьер-Министрді Президент Дмитрий Медведев қарсы алды. Қазақстандық делегациядан басқа ресей астанасына Армения Президенті Серж Саргсян, Беларус Премьер-Министрі Сергей Сидорский, Босния мен Герцеговина Министрлер Кеңесіне төрағалық етуші Никола Шпирич, Молдова Премьер-Министрі Зинаида Гречаная, Сербия Премьер-Министрі Мирко Цветкович, Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Назым Экрен, Чехия өнеркәсіп және сауда министрі Мартин Ржиман, Словакия экономика министрі Лубомир Йагнатек, Украина Премьер-Министрі Юлия Тимошенко, Украина отын және энергетика министрі Юрий Продан, «Украина мұнай-газы» ұлттық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Олег Дубина, Украина Президентінің халықаралық энергетика қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі өкілі Богдан Соколовский, Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясының мүшесі, энергетика мәселелеріне жауапты Андрис Пиебалгс келді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған көпжақты кездесу жабық есік жағдайында өтті. Саммитте Украина аумағы арқылы Еуропаға көгілдір отын транзиті проблемаларын шешу жолдарын іздестіру мәселелері қаралды. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Украинаға транзитті қалпына келтіру үшін қажетті техникалық газды жеткізу шығындарын төлейтін Халықаралық консорциум құру болды. Ең алдымен Украина газ тасымалы жүйесінің қалыпты жағдайда жұмыс жасауын бастау үшін белгіленген көлемде газбен толтырылуы қажет. Осы мақсатта «Газпром» қажетті мөлшердегі отынды сатып алып, «Украина мұнай-газына» беруі тиіс. Өз кезегінде Украинаның консорциум берген газды транзиттік операцияларды технологиялық газбен қамтамасыз ету және жүйедегі қысымды арттыру үшін пайдалануы талап етіледі. Келісімнің алғашқы жобасы бойынша Украина газ тасымалы жүйесіне берілген газ шарттың күшіндегі кез келген уақытта корсорциумға тиесілі. Ірі еуропалық компаниялар Ресейдің идеясын қолдады. Бұл туралы РФ Премьер-Министрі Владимир Путин бүған дейін Берлинде өткен ГФР канцлері Ангела Меркельмен болған келіссөздерден кейін хабарлады. Консорциумға қатысатынын бірінші болып итальяндық Eni басшысы Паоло Скарони қуаттады, одан кейін Еуроодақтың басқа да энергетикалық компанияларынан жақтаған хабарлар түсті. Мәскеудегі «газ саммиті» баспасөздың зор ынтасын туғызды. РФ Президенті Д.Медведевтің қорытынды баспасөз мәслихатына төрт жүзден астам ресейлік және шетелдік журналистер қатысты. Ресей көшбасшысы конференция өте пайдалы болғанын атап көрсетті. «Біз газ дағдарысы жайлы ашық, сындарлы және игі тілекпен пікір алмастық» - деп мәлімдеді Д.Медведев.Сондай-ақ РФ Президенті Ресей мен Украинаның ресей газын Еуропаға жеткізуді қалпына келтіру жөніндегі келіссөздері жалғасатынын, оларды екі елдің премьерлері Владимир Путин мен Юлия Тимошенко жүргізетінін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар