Қазақстан Президенті Исламабадтағы қастандық әрекетті қатаң айыптады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

— Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді, — делінген хабарламада.

Осыдан бұрын Пәкістан астанасы Исламабадтағы шейіттер мешітінің маңында болған жарылыстан кем дегенде 31 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар