Қазақстан Президенті Алматыда бірқатар нысандарда болады

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Бүгін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыға жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарда болады.

Қазақстан Президенті Алматыда бірқатар нысандарда болады

Күтіліп отырғандай, Мемлекет басшысы ҚР ғылым Академиясында өтетін Қазақстан ғалымдарының форумына қатысады. Бұдан кейін сапар бағдарламасында - Алматы қалалық метрополитенін ресми іске қосуға және Республиа Сарайының жаңғыртылғаннан кейінгі ашылуына қатысуы көзделген.