Қазақстан Президенті Астананың Индустриалдық паркінде электрондық-оптикалық аспаптар өндірісі бойынша зауытта болды
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астананың Индустриалдық паркінде электрондық-оптикалық аспаптар өндірісі бойынша зауытта болды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Электрондық-оптикалық аспаптар өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» ЖШС 2011 жылғы 13 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының басшылығымен арада жасасқан уағдаластықтарға сәйкес құрылды.
Жоба «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» ЖШС-да, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «ASELSAN A.S/» (Түркия), Түркия (SSM) Қорғаныс өнеркәсібі хатшылығымен 2011 жылғы 18 ақпанда қол қойған ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде, Қазақстанның қарулы күштері мен өзге де ведомстволарын қажетті оптроникамен, сондай-ақ техникалық және сервистік қызмет көрсету өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда.
Жобаның құны 4,5 млрд.теңге, іске асырылу кезеңі - 2011-2013 жылдар. Өндірістік қуаттылыққа шығу 2014 жылдың аяғына қарай, бұл 100 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
ТМД аумағында аталмыш саладағы өнімдерді шығаратын кәсіпорын жоқ.
Элекрондық-оптикалық аспаптардың, түнгі көру аспаптарының, тепловизорлар өндірісі бойынша зауыттың нысаналы нарығы: Қазақстанның, ТМД елдерінің, Түркия, Үндістан, Қытай және басқа да мемлекеттерінің әскери және азаматтық мекемелері болып табылады.